«Ол - үй сыпырушы, мен - күзетші»: Ақтөбеде жесір әйелді ұрды деп айыпталған депутат пікір білдірді
Фото: Envato
Байғанин аудандық мәслихатының депутаты Болат Аяповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Депутатқа қатысты «Ұрып-соғу» бабымен тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан селолық округінің тұрғыны Күнсұлу Намазбаева полицияға арыз түсірді. Ол аудандық мәслихаттың депутаты Болат Аяповтан қысым көргенін айтты. Жәбірленушінің сөзінше, депутат себепсіз ұрып, балағаттаған және елден көшіремін деп қорқытқан.
Депутаттан зәбір көрдім деген әйел – президенттен, бас прокурордан, ІІМ-нен көмек сұрады.
Ақтөбе облысының ПД аталған дерек бойынша Байғанин ауданы полиция бөлімімен ҚК 109 бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Басы дауға қалған депутаттың өзі жағдайды жала деп түсіндіреді. Айтуынша, үстінен арыз жазған әйелмен ауылдағы мемлекеттік балабақшада бірге жұмыс істейді. Әйел – үй сыпырушы, депутат – күзетші.
Байғанин аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының депутаты Болат Аяпов үстінен іс қозғалғаннан кейін адвокатқа жүгінген.
«Мен жаңа ғана тергеуге барып келдім. Әзірге ештеңе айта алмаймын. Тергеу барысында анықталады. Бұл жала. Қазір қан қысымым көтеріліп, ауырып тұрмын. Қорғаушым бар», – деді Болат Аяпов.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық