«Ол біреулерге ұнамайтын шешім қабылдауға дайын» - Әшімбаев президенттің төзімі туралы
Сурет: news.myseldon.com
Атырау облысындағы өткір мәселелер туралы Тоқаев өткізген Кеңесті сараптаған саясаткер Данияр Әшімбаев, дәл осындай талқылаулар Алматыда да өткенін еске салды.
Orda.kz бұл туралы Turanpress.kz. сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Саясаткер сарапшының топшылауынша, өңірлердегі кемшін жағдайларға жол берген, орын алған кемшіліктері үшін жауапты шенеунікті қызметтен шектетіп, оны жауапқа тарту керек болғанымен, дәл қазір сол жазаны іске асыратын уақыт емес.
— Кеңесте президент ең қажетті мәселелерге көңіл аударды – Жылу энергетикасы мен Еркін экономикалық аймақтың дамуы, автомобиль жолдары мен денсаулық саласы, энергетика мен ауыз сумен қамтамасыз ету, экология және туризм » міне — осы мәселелердегі осал тұстарды ретке келтіруді президент үкімет пен жергілікті әкімдіктерге тапсырды. «Осының бәрі менің жеке бақылауымда болады» деп атап өтті президент, – дейді саясаткер Әшімбаев.
Соған қарағанда, Президент Әкімшілігі орын алған кемшіліктердің барлығын сараптан өткізген. Өйткені президент әр орын алған кемшілікті нақты білетіндігін және соны жоюды талап ететінін атап өтті, – дейді саясаткер.
— Тоқаевтың басқару стилі Назарбаевтан өзгеше, деп айтқан едім. Оның басқару ерекшелігі, өзіне тән мінезі мен байқағыштығы бар. Біз президентті «тым интеллигент» деп сынап жатамыз. Бірақ, менің ойымша, Тоқаев ешкімді аяқ астынан орнынан алып тастауға ұмтылмайды. Керісінше, олардың жұмысты алып кетуіне ықпал еткісі келеді. Президент өңірлерде не болып жатқанынан толық хабардар.
Әшімбаевтың айтуынша, Есеп Комитеті басшылары мен күш құрылымдары президентті небір қызықты фактілерден хабардар етіп, мәлімдеп отырады. Президент үкімет пен әкімдіктерден жоғары тиімділікпен жұмыс істеуді талап етіп отыр. Алайда, сол талаптан шыға алмағандарды ауыстыру мәселесіне келгенде «адами капиталдың» төмен сапада екені өкінішті-ақ. Орнынан алу немесе басқаны отырғыза салу соншалықты оңай шаруа емес.
Әрине, шыдамның да шегі бар демекші, Тоқаев та шегіне келгенде кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін шешімдер қабылдауға даяр. Қазір Ақорда кейбір жауапты орындарға үміткерлерді іріктеу жұмысын жүргізуде.
—Жол құрылысы саласындағы кемшіліктерді сынау қорытындысына мән берсек, бұл үкіметтің соңғы жылдардағы жұмысының ең басты көрсеткіші болатын. Теміржол саласында да басшылық өзгерді. Ал автомобиль жолдары үшін президент министрлер кабинетінің осы саладағы барлық жұмысын қатты сынға алды, – деп қорытындылады саясаткер.
Автор: Мария Юрова
Аударған: Баян Таңатарова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық