«Ол бала оқшалауға жатпайды»: Лифтте баланы пышақтаған жасөспірім туралы денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Бейнеден кадр
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астанада лифт ішінде баланы пышақтаған жасөспірімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, министрлік қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.
«Психикалық денсаулық қызметтері барлық материалдарға сараптама жүргізіп жатыр. Бір-екі аптаның ішінде барлық материалдар қолымызда болады. Сол кезде толық ақпарат бере аламыз. Психикалық денсаулығына байланысты мүгедектігі бар балалардың қамқоршыларына қойылатын белгілі бір талаптар бар. Бұл талаптар олардың балаларды үнемі бақылауда ұстауын қарастырады. Мұндай балалар тұрақты қадағалауда болуы керек»,– деді Нұрлыбаев мәжіліс дәлізінде.
Ол дәрігерлер тарапынан ешқандай заңбұзушылық болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, шизофрениямен ауыратын жасөспірімге тиімді ем жүргізілген.
«Тағайындалған емдеу өз нәтижесін берді. Бұл баланың бірнеше рет ауруханаға жатқызылғаны расталды. Толық әрі нақты ақпаратты қызметтік тексеру аяқталған соң беремін. Ол (күдікті – ред.) оқшаулауға жатпайды. Егер емдеу тиімді болса, ал біз оның тиімділігін бірнеше рет дәлелдедік, ол әлеуметтендіруге жатады, оқшаулауға жатпайды», – деп қосты вице-министр.
Ол болған жағдай психикалық ауытқуы бар адамдарды алалауға себеп болмауы керектігін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық