«Оқуын төлемекші болған»: Ломбардқа тапаншамен кірген ер адамды ұрып құлатқан жігіт оқиғаның жай-жапсарын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр
Ломбардқа тапанша ұстап кірген қылмыскерді ұрып құлатқан жас жігіттің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Qaz365.kz тілшісі Ұлықбек Құрманалиұлымен сұхбаттасты. Ломбард ішінде тұрған 18 жастағы жігіт қылмыстың алдын алу мақсатында тапаншалы қылмыскерді тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.
Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп, құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жас жігітті танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Ұлықбек Құрманалиұлы оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
«Ол жексенбі күні болды. Досым екеуімізге оқудың ақшасын төлеуге 360 мың теңге керек болды. Ата-анама төлетпейін деп телефонымды өткізуге ломбардқа барған едім. Содан ол жерге кірдім. Телефонымды тапсырдым. Қарап тексергенін күтіп отырдым. Біраздан соң артымнан маска киіп алған бала кіріп келді. Кассадағы қыз одан «қандай көмек керек» деп сұрады. «Қосымшаны тарту керек» деді ол. Мен сағат 08.30 кезінде кірдім. Ломбард сағат 9-да жабылады екен. Мен телефон өткізгелі отырғанда, ол тапаншасын алып шығып, кассадағы қызға тақады. Содан ақша талап етеді. Мен одан «шын істеп тұрсың ба, қалжың емес пе» деп сұрадым. Өйткені мен өмірімде мұндай жағдайға бірінші рет кездесіп тұрған соң шығар, әзіл ретінде қабылдадым. Ол «иә» деп дөрекі түрде жауап берді», – дейді ол.
Осыдан кейін Ұлықбек оның шын айтып тұрғанын түсіне қойып, ұрып құлатқан. Жігіт қылмыскердің тапаншасы қолынан түскенше ұра берген.
«Жерге құлатқан соң қасымдағы дос балам қолындағы тапаншасын тартып алды. Есін жинатқызып, сол жерде диванға отырғыздым. Сол кезде полиция қызметкерлері жетіп келді. Тергеу басталып кетті. Сөйтіп ломбардтан сағат 23.00-де шықтық. Ары қарай ІІБ-ге бардық. Ол жерге барған кезде шынымен солай болып жатқанын түсіндім. Менен жауап алды. Содан ломбардтағылар досым екеумізге сыйлық ретінде Iphone 15 телефонын берді», – дейді шымкенттік жігіт.
Ұлықбектің оқуына 360 мың теңге керек болған. Өзіне сыйлаған телефон 240 мың теңгеге сатылыпты. Сонымен бір жылдық оқуын жауып алған. Ол Орталық Азия Инновация университетінде дене шынықтыру мамандығы бойынша 1 курс студенті екен.
Шымкентте қару ұстап, ломбард қызметкерлерін бопсалағандарды тоқтатқан жігіт туралы хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық