«Ойын үшін туыстарын пышақтаған»: аман қалған астаналықтардың жағдайы белгілі болды
Фото: freepik.com
Астанада 21 жастағы жігіт өзінің туыстарын пышақтап тастады. Пышақ жарақаты салдарынан 27 жастағы ағасы көз жұмды. Қалған 3 жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жас жігіт туыстарына онлайн ойынға тыйым салып, телефонын тартып алғаннан кейін пышақ салған. Күдікті ағасына 20 рет пышақ сұғыпты.
Қазір 1964, 1974 жылы туған екі әйел № 1 көпсалалы қалалық ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың жалпы жағдайы орташа тұрақты екенін айтып отыр.
«Тексеру нәтижесінде 1964 жылғы әйелдің денесінің әртүрлі бөліктерінде бірнеше жерден кесілген жаралар анықталды. Сонымен қатар сол жақтағы қабырғасы сынған. Ол ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылды және операция жасалды, қазір пациент қарқынды терапия бөлмесінде жатыр. Сондай-ақ 1974 жылы туған әйелдің денесі пышақпен әртүрлі жерден кесілген, денесі көгерген, бас жарақатын алған және оң жақ қабырғасы сынған. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты», деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Тағы бір жарақат алған 18 жастағы науқас хирургия бөліміне түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оның да денсаулық жағдайы орташа тұрақты екен.
Мәліметтерге сүйенсек, 60 және 50 жастағы апалы-сіңлімен бірге ағаларының баласы Жанғали Жұматаев тұрған. 21 жастағы жігіт Standoff2 ойынын ойнаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық