Өгей әкесі үш баласын азаптағаны үшін төрт жылға сотталды
Фото: content.api
Талас аудандық сотында бір ер адам кәмелетке толмаған үш баланы азаптап келгені үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Т. есімді азаматқа қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлімі 1,2-тармақ бойынша айып тағылды.
2019 жылдан 2025 жылға дейін Т. ауылдағы шаруашылықта 2008 жылы туған өгей балаларына күш көрсетіп, азаптаған. 2025 жылдың сәуір айынан бастап ол жұбайының 2015 жылы туған ұлына да қорлық көрсеткен.
Сот анықтаған деректерге қарасақ, Т. балаларды қоғамнан оқшаулап, мектепке баруына кедергі жасап, білім алуына бөгет болған. Оларды еңбекке мәжбүрлеген және тамақ бермеген. Балалардың еңбегінен түскен табысты ол өз мүддесіне пайдаланған.
Оның кінәсі куәгерлердің, соның ішінде зардап шеккендердің туыстарының куәліктерімен және басқа да материалдармен дәлелденген.
Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша мұндай қылмыс үшін 4-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды анықтамаған.
Сот Т.-ны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық