«Өгей әкесі мен анасы да сотталсын»: Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген 38 жастағы ер адам сотталып жатыр
Фото: Elements.envato.com
Оқиға биыл наурыз айында болған. 15 жастағы қыздың туған анасы мен өгей әкесі оны шариғат заңымен 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген. Қазір Қарағандыда осыған байланысты даулы сот процесі басталды. Айыпталушы орындығында қыздың «күйеуі» отыр.
Orda.kz тілшісі қыздың туған әкесімен әңгімелесті.
«Күйеу бала» ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі бойынша кәмелетке толмағанды зорлағаны үшін айыпталды. Ол қызды төрт күн бойы жабық пәтерде ұстап, бірнеше рет зорлаған. Қыз қашып шығып, туған әкесінен қорған сұраған. Әкесі әзірге аты-жөнін жария етпеуді өтінді.
«Соңына дейін барамын. Мені ашуландыратыны — бұрынғы әйелім мен оның күйеуі куәгер ретінде ғана өтіп жатыр. Неге олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды? Түсінбеймін. Айыпталушы орнында тек зорлаушы отыр. Ол — өгей әкесінің досы. Көптен бері араласқан. Сөйтіп, қызымды досына ұсынған! Бұл нағыз жезөкшелікке итермелеу!», — дейді әкесі.
Әкесінің айтуынша, әуелі іс қозғалғанда, ол қызы екеуі күн сайын полицияға барып жүрген. Кейін анасы мен өгей әкесі қызды өз жақтарына шығарып алған. «Бізден балаларымызды тартып алады» деп аяушылық туғызған. Анасының жаңа күйеуден екі кішкентай баласы бар, қазір үшіншісіне жүкті.
Қыз туған әкесіне қарсы арыз жаза бастап, бұрынғы жауабынан бас тартқан. Қорғаншылық бөлімі анасы мен өгей әкесін ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа талап қойған. Бірақ сот оны қанағаттандырмады. Әкесінің айтуынша, бәрі зорлау ісінің немен аяқталатынын күтіп отыр.
Қыздың «күйеуіне» 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Сот жабық режимде өтіп жатыр.
Тіпті қыздың нағашы атасы да өз қызының жауапқа тартылуын талап еткен. Ол діни ағымға беріліп, немересіне хиджаб кигізген. Қыз «күйеуінен» қашып шыққан соң, орамалды шешкен. Қорғаншылық органы да қыздың мәжбүрлі түрде оранғанын анықтаған. Қыздың туған әкесі де іс бойынша куәгер.
«Қазір қызым менімен сөйлеспей кетті. Мен оның қатты уланғанына сенімдімін. Бірақ оған ренжімеймін. Қызым есейгенде мені түсінеді деп ойлаймын. Мен ол үшін соңына дейін күресемін», — дейді әкесі.
Айта кетейік, әнші Рүстем Жүгінісовке әкімшілік құқықбұзушылық үшін 79 мың теңге айыппұл салынды. Бұл шешімді астанадағы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сот шығарды. Еске сала кетсек, Ақтөбе мешітінде бір ер адамның жас қызға жыныстық емеурін көрсетуіне қатысты әншінің айтқан пікірі. Сол оқиғада қыз ер адамның бір реттік неке ұсынғанын айтқан еді. Рүстем Жүгінісов сол кезде қызды арандату жасаған деп айыптап, мешітке жалғыз бармай, әкесімен немесе бауырымен бірге баруды ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық