Өгей әкесі 4 жыл зорлаған қыз бар сұмдықты жайып салды
Фото: elements.envato.com
Алматы облысында өгей әкесінен 9 жасынан бастап 13 жасқа дейін жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрген жасөспірім қалай зорлық көргенін айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы адвокат Айман Омарованың Instagram парақшасынан мәлім болды.
«Маған 9 жасымнан бастап тиісе бастады. Алғашында кеудемді, санымды ұстады. Жыныстық мүшемді киімнің сыртынан сипайтын. Ал кейінен өзінің мүшесін менің жыныс мүшеме салды. Анаңа айтсаң, оны атып өлтіремін деп қорқытатын, өйткені үйде екі мылтық бар еді», – деді жасөпірім.
Қыз өзінің зорлық көргенін анасына 2025 жылдың 20 наурызда айтқан. Сонымен қатар, жасөспірім өгей әкесінің көрсеткен қорлығынан қорқып, үйден бірнеше рет қашып кеткенін айтты.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Омарова жасөспірімге психологиялық көмек көрсететінін әрі алдағы уақытта сотқа қатысатынын жеткізді. Қыздың құқығын Омарова бастаған адаокаттар қорғауға кірісіп кетті.
Айман Омарова бастаған адвокаттар өткен жылдан бері педофильдерге қатысты істерді көп қолға алып, жұрттың жағасын ұстататын жағдайларды жария етіп келеді.
2024 жылы ҚР ішкі істер министрлігі статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтерінде кәмелетке толмағандарды зорлау бойынша 97 оқиға тіркелген. Ал оларға осы жыныстық сипаттағы күштеу әрі зорлық-зомбылық бойынша 87 оқиға тіркелді. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе басқа жыныстық сипаттағы 138 оқиға тіркелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық