Оффлайн өмір: жоғары оқу орындарында сабақтар қалай өтіп жатыр?
Биылғы оқу жылы студенттер үшін жақсы жаңалықпен басталды. Университет қабырғасында білім алуға рұқсат алған студенттердің қуанышында шек жоқ. Негізгі талап – карантин ережелерін қатаң сақтау. Студенттерге жоғарғы оқу орны ғимаратының ішінде маска тағып, кірер кезде «Ashyq» жүйесі бойынша тексерістен өту міндеттелген.

Дәстүрлі оқу 2,3,4 курс студенттері үшін 1 қыркүйекте басталса, 1 курс студенттері үшін 6 қыркүйекте басталды. Orda.kz тілшісі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оффлайн сабақтары қалай өтетінін көзбен көріп қайтты.
Бұл - журналистика факультетінің 3 курс студенттері. Жалпы журналистика бағыты бойынша білім алатын 3 курс студенті Айткәрім Рүстемнің айтуынша, бір аптада екі немесе үш мәрте оффлайн сабақтар өтеді. Журналистика факультетіндегі күрделі жұмыстарға байланысты студенттер әзірге Химия және химиялық технология факультетінде білім алып жүр.

Факультетке кірместен бұрын студенттердің барлығы «Ashyq» жүйесін сканерлеп, «жасыл» статустарын көрсетті.

Дәлізде антисептиктер қойылған.

Ал кабинетке кірер алдында ескерту ретінде жазылған арнайы жазбаны байқаймыз. Студенттер саны аудиториның 50 пайызын ғана толтыруы тиіс. Бұл да сақтық шарасы.

Біраз уақыт онлайн сабақтарға бой үйреткен студенттер үшін, дәстүрлі формат ыңғайлы. Ал аудиториядағы парталарда «арақашықтықты сақтаңыз» деген ескерту қойылған.

Студенттердің айтуынша, міндетті пәндердің лекциясы онлайн өтеді. Семинарлар дәстүрлі форматта болады.
– Дәстүрлі форматта оқыған бізге ыңғайлы. Шалғай жерде тұратын, интернеті нашар студенттер үшін онлайн оқу біраз қиындық тудырды. Біраз үзілістен кейін ата-анадан алшақ кетіп, басқа қалада оқуға бой үйретіп жатырмыз. Алыстан келген соң жатақхана алдық. Оқу орны жақын. Әрбір студент өз денсаулығы үшін де карантин талаптарын сақтайды, - дейді Айткәрім Рүстем.
Қазақстанда қашықтан оқу біршама қиындық тудырғаны белгілі. Бұл күллі әлемге төнген қауіп болғаннан кейін, пандемия жағдайында ауылдық мектептердің де есігі жабылды. Интернет жылдамдығы нашар, ақпараттық технологиялармен толық қамтылмаған оқушылар болды.
Еске салайық, қашықтан оқыту Kundelik.kz, BilimLand, Googlе Classroom платформалары және WhatsApp желісі арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «Балапан» арнасындағы ТВ-сабақтар арқылы да балалар білім алды.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық