«Өзенмұнайгазды» тексеріп жатқан арнайы топ аралық қорытындыны баяндады
Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) және қаланың мұнай кәсіпшіліктері сервистік кәсіпорындары қызметін тексеру жалғасуда.
Жаңаөзенде үш аптадан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) қаладағы мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызметін тексеретін арнайы топ жұмыс істеуде. Сарапшылар аудиттің аралық нәтижелері туралы айтты.
«Бүгінгі таңда мамандар бір типті су жылыту қондырғыларын қайта құру кезіндегі жұмыс құнының айтарлықтай айырмашылығын анықтады. Осылайша, 3 су жылыту қондырғысын (ВГУ-1 НГДУ-3) қайта құрудың жалпы құны ҚҚС есебімен 525 миллион 482 мың теңге болады. Бұл ретте тек бір қондырғыны (ВГУ-3а-С НГДУ-1) қайта құру құны ҚҚС қосқанда 380 млн. теңгеден асып түсті. Бұл ұқсас НГДУ-3 қондырғысын қайта құрудан 2 еседен астам қымбат. Сарапшылар осындай елеулі айырмашылық себептерін зерттеп жатыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар сатып алу кезіндегі заң бұзушылықтар да анықталды. Осылайша, 2022 жылы «ӨМГ» және «БерӘлі Маңғыстау компаниясы» ЖШС ұңғымаларды жерасты өңдеуге жалпы сомасы 2 млрд 582 млн 699 мың теңгеге келісім-шартқа отырған. Оның жалпы жұмыс көлемі – 371 ұңғымаға (немесе 30 040,7 бригадалық сағат) болған.
Сарапшылар «ӨМГ» Бюджет кодексінің 97-бабы 6-1-тармағын бұза отырып, жалпы сомасы 26 млн 951 мың теңгеге 300 сағатқа артық жұмыс уақыты нормалары орындалған жұмыс актілерін қабылдағанын анықтады. Сонымен қатар, аяқталмаған жұмыс көлемдері де тексеріліп, себептері анықталуда.
Сондай ақ тексеріс барысында жанар-жағармай сатып алуда заңбұзушылықтар бар екені, оны сатып алуға қаражат жүргізушілердің картасына аударылғаны да айтылды.
«ӨМГ 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін және 2023 жылдың наурызынан қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Сатып алу тәртібі нормаларын қолданбай, АИ-95 маркалы бензинді жүргізушілердің жалақы картасына ақша аудару арқылы сатып алған. Сондай-ақ биылғы жылдың қаңтар айында Сатып алу тәртібін бұза отырып, 69 тонна АИ-95 бензинін (күнделікті және (немесе) қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үшін бекітілген тізімсіз) сатып алған», - деп хабарлады жұмыс тобы.
Жаңаөзендегі тексеру жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық