«Өзенмұнайгаз» басшыларына қатысты тергеу басталды
«Өзенмұнайгаз» АҚ мен «БерӘлі Маңғыстау компаниясы» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу басталды.
Жаңаөзен қаласы тұрғындарының «Қазмұнайгаз» АҚ («Өзенмұнайгаз») жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру фактілері бойынша көптеген өтініштері негізінде Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті бірнеше сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Соның бірі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына кәсіпорынның бухгалтерлік және басқа да ресми құжаттамаларында бұрмаланған мәліметтерді көрсеткен жаңа құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау фактісіне қатысты.
Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғалары мен «БерӘлі Маңғыстау компаниясы» ЖШС басшылығына 2022 жылы мұнай ұңғымаларын жөндеуге арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеу жүріп жатыр.
«БерӘлі Maңғыстау Company» ЖШС басшысы жақын туыстарымен арнайы техниканы жалға беру туралы келісім-шартқа отырғаны анықталды. Іс жүзінде алынған 248 млн теңге көлеміндегі қаражатын иегрілді деп қалталарына басып алған.
«Бұл әрекеттерімен «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС басшылығы мемлекетке ғана емес, компания қызметкерлеріне де шығын келтірген. Алайда, бұл қаражат компанияны дамытуға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге жұмсалуға тиіс еді. Осы жағдайлар компанияның қарапайым қызметкерлерінің наразылығын тудырды. Аталған фактілер тергеу аясында тексерілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды» деп атап өтті экономикалық тергеу департаменті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық