Өзбекстанда ыстықты түсіретін дәріден көз жұмғандар саны 20-ға жетті
Өзбекстанда екі аптаның ішінде 20 бала жоғары дене қызуына қарсы дәріні қолдану салдарынан көз жұмды.
Тағы бір 2,5 жасар бала қызуды басатын ДОК-1 Макс препаратын қолданудан қайтыс болды. Kun.uz сайтының хабарлауынша, ол 25 жастағы ананың жалғыз баласы. Ол өткен жылдың 13 желтоқсанынан бері ұлын емдеп келеді, 16 желтоқсанда сәби Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының Наманган облыстық филиалына жіберілген. Ал 21 желтоқсанда бала қайтыс болды.
Наманған облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, науқас «пневмонияның ауыр түрі, функционалдық ас қорыту бұзылысы, диспепсиялық бұзылыс, гиповолемия» диагнозымен емделген. Анасының айтуынша, үйде балаға қызуды түсіретін атышулы дәріні берген.
Бұған дейін Өзбекстанда бірқатар өлім-жітім орын алған. Фактілер Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Бехзод Мұсаев осы дәріні қолданып қайтыс болған 18 баланың ата-анасына көңіл айтқан кезде шыға бастады. Осыдан кейін тағы екі адам өлімі белгілі болып, дене қызуын түсіретін дәрі сатылымнан алынып тасталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық