Өскеменде қураған ағаштар өртенді
27 маусымда сағат 18:30-да Өскемен қаласының шығыс шетінде Глубоковский ауданы Комсомол орман шаруашылығында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
8 м/с-қа жететін қатты жел екпіні найзағай жылдамдығымен өртті құрғақ өсімдіктерге таратады. Өрт сөндірушілерге көмектесу үшін су төгетін құрылғысы бар ШҚО АӘД Ми-8 тікұшағы жіберілді.
«Өрттің шығу себептерінің бірі адами фактор – отқа абайсыз қарау болуы мүмкін. Бағыты өзгерген қатты жел салдарынан өрт гектардан гектарды шарпыған. Қаланың айналасын түтін орап, өрт иісі сезілді. Шығыс Қазақстан облысының әуе-десанттық бөлімшесінен су төгетін тікұшақты тарту туралы шешім қабылданды. Бұл өрттің бір шетін тоқтатуға көмектесті. Алдағы уақытта өрт сөндірушілер жергілікті атқарушы органдармен және орманшылармен бірлесе отырып, өрт сөндіргіштері мен крекер көмегімен қалған жерлерді сөндіруді жалғастыруда. Өрт жалпы 14,2 га аумақты шарпыды», - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Айдос Нүсіпбаев.
Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығынан 74 адам, 14 техника, сондай-ақ Ми-8 АП ШҚО тікұшағы жұмылдырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық