Өскемен әкімі шенеуніктерге: Ешкімнің «слугасы» емессіңдер
Өскемен әкімі Жақсылық Омар мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жазып, «халық қызметшісі» сөзіне түсініктеме айтты.
Бұл туралы әкім өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Орыс тілді аудиторияда «Чиновник - слуга народа» деген мәтелді әлеуметтік желідегілер көп айтатынын байқаймын. Әрине бұл біз үшін жат ұғым. Себебі қазақ даласындағы басқару жүйесі европадан өзгеше болған. Алайда біздің ортаға сіңіп кеткен мәтел жайлы өз ойымды сіздермен бөлісуді жөн санадым. 20 жылдық тәжірибемде өзіме және әріптестеріме қарата айтылатын «сенің жалақыңды мен төлеп отырмын», «маған міндеттісің», «біз болмасақ сен кімсің» деген сияқты сөздерді үнемі естіп келеміз. Халықтың айтқаны дұрыс та шығар, бірақ әр нәрсе өз орнымен дегендей…
Былай қарасаң қатардағы мемқызметкер дегенің - жағдайы орташа қоңыртөбел, қоғамдағы проблемалары да халықпен ортақ адамдар ғой. Пәтерін ипотекаға алып, күнде жұмысына шапқылап, түннің бір уағына дейін кабинетте қамалып, бала-шағасын өсіріп, салығын төлеп жүрген еңбекқор қарапайым адам» деп жазады Жақсылық Омар.
Әкімнің айтуынша, Қарапайым мемлекеттік қызметкердің де проблемасы бүкіл қоғам сияқты. Ол да ипотекаға пәтер алады, кешке дейін жұмыста болады, бала-шағасын өсіреді, салық төлейді. Әкім ертедегі Сократ айтқан «халық қызметшісі» деген сөздің бүгінгі Қазақстанға қатысы бар деген сұрақ қойды.
«Ол кездегі байлығы шалқыған ақсүйек таптың шенеуніктері халыққа өздерін қарыз сезінгендіктен «слуга» болғысы келген шығар мүмкін.
Қазіргі мемлекеттік қызметтегі адам ол - сіз бен біз. Мемқызметкер - міндеті мен жауапкершілігі және материалдық жағдайы халықпен тең адам. Жұрттан асып кеткен ештеңесі жоқ.
Осы орайда өзімнің әріптестеріме, яғни мемлекеттік қызметте маңдай терін төгіп жүрген жерлестеріме айтқым келетіні:
Ешкімнің де жалшысы немесе анау айтқандай «слугасы» емессіңдер. Әрқайсымыздың мойнымызға жүктелген өз міндетіміз бар. Соны аброймен орындау, халықтың сенімін ақтау парызымыз. Басқа ештеңе емес. Ешкімге ешкім міндетті емес. Бәріміз болашақ үшін, Қазақстанның болашағы үшін жұмыс істеп жатырмыз» деп түйіндеді сөзін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық