Өңірлердегі мұнай базалары тексеріледі
Жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін өңірлердегі мұнай базалары тексерілмек. Республика бойынша дизель отынының жалпы қоры 308,56 мың тонна.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы республика бойынша дизель отынының жалпы қоры 308,56 мың тонна болды. Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық. Сонымен бірге, кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю бекеттерінде дизельдік отынды сатуға шектеу қойылды.
Сондықтан жанар-жағармайдың ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында мыналар тапсырылды:
- облыстық штаб жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызбау мақсатында облыстық мұнай базаларына комиссиялық тексеру жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын;- бұзушылық фактілері болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдар нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе үстемдік әрекеттеріне тексеру жүргізілсін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық