Одессаға Каспий теңізінен зымырандық шабуыл жасалды
Украинаның оңтүстік-батысында орналасқан Одесса қаласында 23 сәуірде сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін жарылыстар естілді.
Ресей әскері қалаға зымырандық шабуыл жасады. Кем дегенде бір тұрғын үй зақымданып, өртке оранды. Инфрақұрылым нысандарына зақым келген.
Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, Одессада кемінде 5 адам қаза тауып, 18-і зардап шекті. Ресей әскерінің қолынан қаза тапқандардың арасында 3 айлық сәби де бар.
«5 адам қаза тапты және 18 Украина азаматы жараланды. Бұл тек табылғандар. Одан да көп болуы мүмкін. Қайтыс болғандар арасында үш айлық бала да бар. Алғашқы Пасханы ата-анасымен бірге тойламақ болған сәби» деп жазды ол.
Зымырандардың бірі сағат 14:35 шамасында Одессаның Киев ауданындағы 16 қабатты ғимаратқа түсіп, салдарынан көпқабатты үйдің 4-5-ші қабаттары өртке оранды. Сағат 17:00-де төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірілді.
«Қазіргі уақытта 6 адамның қаза болғаны, оның ішінде 1 бала бар екені белгілі болды. 18 адам зардап шекті. Үйінді астынан 2 адам шығарылды. 86 тұрғын эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметтен 96 құтқарушы мен 18 техника жұмылдырылды. Жұмыс жалғасуда» деді Украина ТЖ департаменті.
«Тұрғын үйге зымыран келді. Зардап шеккендер бар. Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Барлық қажетті көмек көрсетілуде. Шабуыл Одессаның бейбіт тұрғындары Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы дайындалып жатқан кезде болды. Мен жаза мен әділдікке сенемін» деп түсіндірді Одесса мэрі Геннадий Труханов.
Ресей Каспий теңізінен зымыран ұшырды. Бұл туралы Украинаның «Оңтүстік» әуе қолбасшылығынан хабарлады.
«Оңтүстік» әуе қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс тобы Каспий теңізінен ресейлік стратегиялық ТУ-95 ұшағы ұшырған жаудың қанатты зымырандарын жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізді. Зениттік-зымырандық бөлімшелердің жауынгерлері жаудың екі қанатты зымыранын (алдын ала болмам бойынша, X555 немесе X101)) жойды. Одесса қаласына соққы берді. Сонымен қатар Украина қанатты зымырандардың ұшуын түзететін және Қарулы қүштер әскери-әуе күштерінің әуе қорғанысына белсенді кедергілер жасаған жедел-тактикалық деңгейдегі 2 ұшқышсыз ұшақты жойды» деп атап өтті «Оңтүстік» қолбасшылығы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық