Қоқыс маңынан табылған бала: 19 жасар ана қызын қалай өлтіргенін айтып берді
скриншот
Алматы облысы Сарқан аудандық соты қызын өлтірген анасы мен оның ағасына қатысты бұлтарпау шарасын қолдану мәселесін қарады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
8 ақпанда 19 жастағы бойжеткен қызымен, ағасымен бірге таксиге отырғаны белгілі болды. Жолда үшеуі де түсіп қалған.
«Сол кезде ол ағасына тумысынан аурушаң және есепте тұрған баласына қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып, оны өлтіруге ұсыныс жасаған. Келіспеген жағдайда өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтқан. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп, екеуі баланы өлтіруге бел буған» делінген сот хабарламасында.
Артынша 19 жастағы қыз бен оның ағасы церебралды сал ауруына шалдыққан қызд алып, қала сыртындағы бұрынғы зауыттағы қоқыс төгентін жерге қарай барған.
«Дәрменсіз баланы жерге жатқызып, қылқындырып өлтірген. Баланың жан тапсырғанына көз жеткізген. Одан кейін мәйітті жасырып, төбешіктің үстінде сырттай бақылап тұрған қарындасын алып, оқиға орнынан бой тасалағандары анықталды» дейді сот.
Қазір іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен тергеліп жатыр. Екеуі де кінәсін мойындады. Оларға тергеу аяқталғанша екі ай мерзімге күзетпей ұстау санкциясы берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Алматы облысы Сарқан ауданындағы қоқыстардың бірінен бес жасар баланың мәйіті табылған. Баланың басы денесінен шамамен бес метр жерде жатқан. Полицейлердің мәлімдемесіне сүйенсек, қыздың анасы 2002 жылы туған жергілікті тұрғын. Баласын 2017 жылы 15 жасында дүниеге әкелген.
Жаңалықтар
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады
- Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу ережелері өзгерді
- Краннан құм, лай, құрт шыққан: Талғар тұрғындары тағы да дабыл қағып, 18 жылдан бері таза суға жете алмай жүр
- Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің жазасы кейінге қалдырылды
- Қазақстандағы айыппұл саясаты: «Айыппұлстан» деген сөзге қатысты Ержан Сәденов өз көзқарасын білдірді
- 254 адам өліп, эпидемия жариялаған Конгоға Эбола вирусымен күресу үшін Қытай мыңдаған дәрігерін жіберді
- Астанада 224 жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Қандай пост, пікір, репост үшін 20 жыл түрме беріледі? Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып Ғиззат Байтұрсынов тағайындалды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті