Оқушының әкесін жұмысынан шығарам деген мектеп директоры жазаға тартылды
Pixabay сайтынан Wokandapix суреті
Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп директоры педагогикалық этика нормаларын бұзғаны үшін қатаң сөгіс алды.
Әлеуметтік желілерде ШҚО Үржар ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры балалармен дауыс көтеріп сөйлескен аудиожазба тарады.
Осы фактіге байланысты ШҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тексеру жүргізді.
Әлеуметтік желілерде жарияланған қызуқанды сөздерінен кейін, келесі күні директордың кешірім сұрағаны белгілі болды.
Алайда, педагогикалық этиканың бұзылуына байланысты ШҚО әкімдігінің білім басқармасы мектеп директорын қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
ШҚО білім басқармасы педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді.
«Мектептер заң жүзінде әкімдіктердің тікелей бағынысында екенін атап өтеміз, сондықтан балалар мен педагогтердің құқықтары бұзылған, сондай-ақ мұғалімдерді жұмыстан тыс міндеттерді орындауға тартқан жағдайда жергілікті білім басқармаларына немесе қажет болса ҚР білім және ғылым білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгінуді сұраймыз» делінген хабарламада.
Еске салсақ, Желіде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің директоры Зәуре Сатыбалдинованың оқушыларға ұрсып жатқан аудиосы таралған болатын. Оқушылардың бірінің әкесі ауруханада жұмыс істейтінін естіген директор белгісіз біреуге хабарласып, әкесін жұмыстан шығару керек деп қорқытқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық