Оқушыға «қол көтерген» мұғалімнің кінәсіз екені анықталды
Мектеп ішіндегі бейнекамералар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға қол көтермегенін көрсетті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Еске салсақ, желіде «Қарағандыда орта мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде мұғалім оқушыға қол көтеріп, оны еденде сүйреді» деген хабар пайда болған.
Жағдай бойынша Қарағанды қаласының білім бөлімі дене шынықтыру мұғаліміне қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша «ұстаздың кінәсіз екені» анықталды.
– Баланың анасы, полиция және мектеп басшылығы мектептің спортзалында орнатылған бейнекамераның жазбаларын бірге қарап шықты. Видеода зорлық-зомбылық фактілері жоқ. Бейнебақылау камерасындағы жазба дене шынықтыру мұғалімінің балаға қол көтеру фактісі болмағанын көрсетті. Баланың анасы жағдайды түсінбегенін айтып, тексерілмеген ақпаратты жария етуге асыққаны үшін кешірім сұрады. №34 мектеп ғимаратында педагогтардың, учаскелік полиция инспекторларының және 7-сынып оқушысының анасының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өткізілді. Тексеру аяқталды, - деді Қарағанды қаласының білім бөлімі.
Дене шынықтыру мұғалімі өтірік жала жапқан оқушының ата-анасына қандай жаза қолданатыны әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық