Оңтүстік Осетия Ресей құрамына кіру жоспарын жариялады
Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибилов жақын арада Ресей Федерациясына қосылу үшін қадам жасайтынын мәлімдеді.
Анатолий Бибиловтың үндеуі «Единая Россия» партиясының Telegram-арнасында жарияланды.
– Ресеймен бірігу – біздің стратегиялық мақсатымыз деп есептеймін. Біздің жол. Халықтың ұмтылысы. Ал біз осы жолмен жүреміз. Жақын арада заңды түрде тиісті шаралар қабылдаймыз, – деді Бибилов.
Президенттің айтуынша, қазір Оңтүстік Осетия, Ресей және бүкіл әлем бетбұрысты кезеңді бастан кешуде.
– Орыс әлемі бүгінде өзіне берілгендердің, нацизмге қарсы шыққандардың, жалпы адамзаттық құндылықтарды және бүкіл халықаралық қауымдастық қабылдаған негізгі құқықтар мен нормаларды құрметтейтіндердің мүдделерін қорғайды, – деп түсіндірді ол.
Оңтүстік Осетия 1990 жылдардың басында тәуелсіздігін жариялады. 2008 жылдың тамызында Грузия республиканы күшпен бақылауға алуға тырысты. Содан кейін Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведев Тбилисиді бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясының басталғанын жариялады. 11 тамызға қарай Ресей әскерлері Грузия аумағына кірді. 12 тамызда тараптар бітім шарттарына келісті.
Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық