Оңдасын Оразалин қаралы қаңтар тарихында қалуға неге құмар?
Фото: Orda.kz / Ардақ Ерубаева
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қандай шындықты айтып жүр? Қаңтарда төрт күн бойы ел алдына бір шықпаған шенді қанға малынған қасіретті оқиғаның тарихында қалуға неге құмар болды?
Ел тарихындағы Қаңтар оқиғасына 100 күн болады. Бейбіт шеруге шығып, кейін қан төгіске ұласқан наразылық шарасының соңы қалың жұрттың қабырғасын қайыстырып жіберді.
Десе де, «Қан төгуге жол бермегенім үшін тарихта қаламын» деп өз-өзіне баға беріп үлгерген Оңдасын Оразалин қандай шындықты жасырды?
Ақтөбе билігі алғашында Қаңтар оқиғасы кезінде «адам өлімі тіркелмеді» дегенімен, кейін екі адамның сол күндері алған жарақатынан қайтыс болғаны айтылды.
Ақтөбе әкімі қаза болған тұрғындардың өліміне кінәлілерді анықтауға тапсырма берді ме?
«Бас прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Олар қорытындысын шығару керек. Екінші қаза тапқан адам уақытында ем алған. Кейін үйде болғаннан кейін қайтыс болған дерекке қатысты дәрігерлер қорытындысын шығарды» деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Әкім әлі өзін қан төгуге жол бермеген тарихта қалатын әкімдердің қатарына жатқыза ма?
«Қаламын. Мен пікірімді еш уақытта өзгертпеймін» дейді Оразалин.
Дерек:
7 қаңтар күні таң алдында наразылыққа шыққандарды күштеп қолға түсіру кезінде жүрек тұсынан жарақат алған Русланбек Жұбаназаров қайтыс болды. 30 жастағы азаматты алғашында террорист деп, денесі туыстарына бір айдан кейін ғана берілді.
Ақтөбедегі Қаңтар оқиғасының тағы бір құрбаны - Файзулла Нұргелдин. 46 жастағы азамат шекесіне тиген жарақаттан оңала алмай, бір айдан кейін көз жұмды.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына қатысты әлі күнге дейін полиция жағалап жүрген блогерлер бар. Instagram желісінде «Problema.aktobe» паблигімен танымал белсенді Дәулет Жұмамұратов өзінен тергеуге қатысты ақпарат таратпау жөнінде қолхат алынғанын айтты. 9 қаңтар күні үйіне тінту жүріп, әкімшілік сот шешімімен 10 күн қамауда болды. Жұмамұратов қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген әкімшілік ғимаратын бақылауға алған ынталы топ мүшелерінің қатарында болғандардың бірі.
«Қаңтарда рұқсат етілмеген митингке шыққаным үшін үйіме тінту жүргізді. Үйдегі балаларымның, әйелімнің телефонын алып кетті. Кейін алынған 4-5 телефон, ноутбук, флешкаларды қайтарды» дейді Дәулет Жұмамұратов.
Problema.aktobe паблигінің иесі әлі өзіне қатысты нақты шешім шықпағанын, полицияға шақыртудың тоқтамағанын хабарлады.
Қаңтар оқиғасы кезінде әкімшілік жауапқа тартылған қоғам белсенділерінің бірі - Серік Әбдіжәми. Ақтөбелік белсенді Әбіләзовті туған күнімен құттықтағаны үшін сұрақтың астында қалғанын айтады. Полиция қызметкерлері жауап алу кезінде ар-намысына тиіп, балағат сөздер айтқан.
«9 қаңтар күні кешкі сағат 11-де үйден алып кетті. Ермесем, күшпен алып кететіндерін айтты. Ертеңіне кешкілік сағат 18:00-ге дейін ұстады.
Жауап алған полиция қызметкерлері балағаттап, ар-намысыма тиетін сөздерді айтты. «ҚДТ-ға қатысың бар, Әбіләзовты туған күнімен құттықтадың» деп тиісті. Мен желіде Әбіләзовты ғана емес, ел президенті Тоқаевты да туған күнімен құттықтағанымды айттым» дейді әлеуметтік желі жүргізетін қоғам белсендісі Серік Әбдіжәми.
Серік полиция қызметкерлері жауап алу кезінде екі адамды ұрып жатқанын көзімен көрген.
Өңірдегі желі белсендісі Бибігүл Жулина да жауап алынып, айыппұл төлегендердің бірі. Телефоны тәркіленіп, үйінде тінту жүрген.
Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, бес журналист пен үш блогер қаңтар оқиғасына қатысты полицияға шақырылған.
Ресми түрде наразылық кезінде бүлінген мемлекет мүліктері үшін 230 млн теңге шығын келгені айтылды.
Қазіргі уақытта Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына қатысты бірде-бір қылмыстық іс сотқа түскен жоқ. Облыс прокуратурасында 14 қылмыстық іс, соның ішінде 2 террористік қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ретінде 12 адам қамауға алынып, 8 адам үйқамаққа жіберілді.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді