Қоғамдық сенім кеңесіне кімдердің кіргені белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамынан төрт адам шығып, олардың орындарына жаңа адамдар келді, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Президенттік кеңес мүшесі, Жастар кадрлық резерві, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қоғамдық-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Индира Рысты, қаржыгер Расул Рысмамбетов ҰҚКК қатарына кірді.
Кеңес мүшелерінің қатарынан Александр Данилов, Лаура Демесінова, Абылай Мырзахметов, Асқар Омаров шықты.
Қазақстандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылдың 12 маусымында президент Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған болатын.
Кеңестің негізгі мақсаты «қоғамдық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу» деп жарияланды.
Құрылғаннан бері кеңес құрамы 50 пайызға өзгерді. Кеңес жетінші отырысына дайындалып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық