Қоғам белсенділері Алматыда тәуелсіз комиссия құрды

cover

Жиында комиссияның алғашқы міндеті қаза болғандар санын анықтау екені айтылды.

— 2022 жылдың қаңтар оқиғасын зерттеу бойынша тәуелсіз комиссия құрдық. Комиссия құрамына журналистер, заңгерлер кірді және біздің тергеу шаралары бойынша да мамандарды шақырмақ ойымыз бар. Яғни, запастағы полиция қызметкерлері, отставкадағы судьялар – олар бізге қанды оқиға материалдарын жинақтап, талдауға көмектеседі. Екі-үш ай ішінде комиссияның алғашқы есебін жариялаймыз, - деді DAT жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи.

Қазір қоғамда құрбандар санына қатысты әртүрлі болжамдар айтылып жатыр.  Комиссия мүшелері полицей болсын, мейлі наразылыққа қатысушы болсын, қаза болғандардың бәрін анықтауға тырысатындыұтарын жеткізді.

Сонымен қатар олар құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейтіндіктерін де еке салды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар