Қоғам қайраткері Назарбаев тарихта кім болып қалатыны туралы айтты
Фото: Ашық дереккөзден
«Ақ жол» партиясының құрылтайшысы Әлихан Бәйменов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихта кім болып қалатыны туралы айтты.
Ол Қасқа жол бағдарламсына берген сұхбатында Назарбаевтың еңбегін елемеуге болмайтынын мәлімдеді.
«1991-1995 жылдары ол кісінің көшбасшылығы маңызды болды. Тәуелсіздік алғаннан бір жыл бұрын Мәскеуде өткен КСРО халық депутаттарының съезі кезінде ол тек Қазақстан емес, КСРО-ға кіретін басқа елдерге танымал болды. Содан ол бедел жинады, оның ішінде ресей халқының алдында да. Сол жылдары Назарбаев Ресеймен қарым-қатынас орнатып, біздің ішкі шикізат саласына ірі алпауыт мемлекеттердің кіруі арқылы ішкі тұрақтылықтың мүддесіне де жұмыс жасады. Үшіншіден, ол көрші елдермен шекараны бекіте алды. 1997 жылы астананы Алматыдан Астанаға ауыстыруы - Назарбаевтың еңбегі» деді Әлихан Бәйменов.
Қоғам қайраткерінің айтуынша, 1995 жылдан бастап тұңғыш президент пендешілікке бой алдырған.
«1995 жылдан бастап ол кісіде тежегіш күштер болмай, пендешілікке бой алдыра бастады.
Кезінде қытайлықтар Мао Цзэдунның еңбегін үштен екі, үштен бір деп бағалаған. Сол секілді бастапқы кезеңдегі ол кісінің еңбегін ешкім жоққа шығара алмас. Ол әділетсіздік болар.
Ал бірақ одан кейін пенделік қызықтарының алдында өзін-өзі тежей алмауы сол кісінің бұрынғы еңбектерінің біразын шайып кетті» деп қорытындылады қоғам қайраткері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық