Нығматулин зауытындағы апат: Еңбек министрлігі кінәлілерді атады
Фото: Pexels
Сенаттың экс-депутаты Ерлан Нығматулинге тиесілі Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында орын алған төтенше жағдай салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты. Арнайы комиссияның жұмысы аяқталып, еңбек министрлігі кінәлілерді атады.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
«2024 жылғы 20 шілдеде Қарағанды қаласында орналасқан «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытындағы адам шығыны орын алған топтық жазатайым оқиғаны тергеу үшін құрылған арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын зерделеп, негізгі кінә жұмыс берушіде екенін анықтады», деді министрлік.
Комиссия кәсіпорында травматикалық факторлар әсерін болдырмау бойынша шұғыл шаралар қабылданбағанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, қауіпсіз еңбек жағдайлары, қызметкерлердің ережелері, нұсқаулықтарда және технологиялық тәртіпті сақтауды бақылауда да кемшіліктер бары анықталды.
«Арнайы комиссияның тергеу нәтижелері және жиналған барлық материалдар болған жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады. Сондай-ақ, комиссия «YDD Corporation» ЖШС басшылығына жазатайым оқиғаның себептерін жою және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу жөнінде шаралар кешенін қабылдауға қаулы етті», деп хабарлады министрлік.
YDD Corporation компаниясында болған қайғылы оқиғаны премьер-министр Олжас Бектенов өз бақылауына алатынын мәлімдеген еді.
Ферроқорытпа зауытына YDD Corporation иелік етеді. Ал egov порталындағы мәліметтерде бұл компанияның құрылтайшылары ретінде IMPERIYUMCY HOLDINGS LIMITED, Ерлан Нығматулин, Аппаз Дінмұхамедұлы көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 шілдесінде Қарағанды қаласында «YDD Corporation» ферроқорытпа зауытында өндірісте жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде сегіз жұмысшы зардап шекті, олардың төртеуі қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық