Ахметов Нығматуллиннің күйеу баласының басшылық орнына келді

cover

«Қазаэронавигация» РМК қызметінен көптеген келеңсіздіктерге байланысты босаған Азат Бектұровтың орнына басқа адам табылды, деп хабарлады дереккөз.

 «Қазаэронавигация» Нұржан Ахметовті бас директор етіп бекітті»  деді ҚазТАГ дереккөзі.

 Ахметов бұрын «Қазаэронавигацияда» жұмыс істеп, осы мемлекеттік кәсіпорында бөлім бастығы болған.

 Еске салсақ, 24 тамызда Азат Бектұровтың «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК бас директоры қызметінен оған тағылған рейдерлік, сыбайлас жемқорлық схемалары, шығынға байланысты кең тараған айыптар аясында отставкаға кеткенін хабарланды. 

Бектұров кеткеннен кейін стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның орны бірнеше ай бойы «бос» болды.

Бектұров - Ерлан Нығматуллиннің күйеу баласы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар