Нығматуллиннің балалары мемлекеттік субсидияларды қайтарды
Фото: ашық дереккөзден
Нығматуллиннің балалары мемлекеттік субсидияларды қайтарды.
«Agro Lab» ЖШС «Аналит Инвест» ЖШС-нен жалпы құны 185 млн теңге болатын голландиялық «Skalar» компаниясының топырақты талдауға арналған құрал-жабдықтар жинағын сатып алған. Алайда, 2019 жылдың қарашасында зертхананың салтанатты тұсаукесері өткеннен кейін бас директор Әділхан Арыстанов «Аналит Инвест» ЖШС басшысы Марат Байтұяқовқа құрылғының ақаулары туралы есеп жібере бастаған. Онда ол жаңа заманауи сараптамалық құрылғылар үлгі нәтижелерін дұрыс көрсетпей, үнемі істен шығып жатқанын айтқан.
Кепілдік міндеттемелері бөлігі ретінде «Аналит Инвест» ЖШС аталған ақауларды жоюға: 2020 жылдың қаңтарында және 2021 жылдың ақпанында екі рет голландиялық инженерлерді тартқан. Екі жағдайда да өндірушінің шетелдік мамандары ақау себебі жабдықта емес деген қорытындыға келген. Skalar өзінің қорытынды хатында «Агро Лаб» ЖШС-не зертхананың қалыпты жұмыс істеуі үшін жоғары дәлдіктегі жабдықты пайдалану нұсқауларын зерделеп, қатаң түрде оларды мүмкіндігінше жұмыс істете алатын білікті мамандарды жалдауды ұсынады.
Мамыр айының соңында «Аналит Инвест» ЖШС басшысы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына Бас прокурор Берік Асыловтың атына жазылған арыздарды жолдаған.
«Agro Lab» ЖШС 2020 жылдың 2 қыркүйегі мен 11 желтоқсаны аралығында бес рет субсидия алуға өтініш берген. Анықталғандай, 2020 жылдың 11 желтоқсанындағы өтініші қанағаттандырылып, ақауы бар құрал-жабдықтар үшін кәсіпорынға мемлекеттік бюджеттен ірі көлемде – 53,5 млн теңге субсидия төленген.
Марат Байтұяқовтың айтуынша, «Agro Lab» ЖШС басшылығының әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – алаяқтық, сондай-ақ ҚМУ лауазымды тұлғаларымен сыбайластық жасау бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық белгілері көрінеді.
Ratel.kz мақаласынан кейін ақша бюджетке қайтарылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық