Нығматулиндерге тиесілі ҚазФосфат Таразды улай бере ме? – әкім жауабы
Фото: Orda.kz / Исламбек Дастан
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде әкім Нығматулиндерге тиесілі ҚазФосфат зауытына қатысты сұраққа жауап берді.
Әкімнің айтуынша, тексеру жұмыстары 26 шілде күні бітеді. Екі күн бұрын экология вице-министрі осы жерге жұмыс сапарымен келген. Осы жұма күні министрлік тарапынан қосымша бір маман жіберіледі.
«Тұрғындардың денсаулығына қауіп жоқ деп айтуымызға себеп: экология департаменті тарапынан екі жерден өлшем жүргіздік. Сүлейменов көшесіндегі ҚазФосфаттың санитарлы зонасы 1 шқ жерде. Шайқорық елді мекенінде де тура сондай өлшемдер жасадық. Сол жерде анықталғаны нормадан асатын артық ештеңе болған жоқ» деді әкім «Қаңтар қасіретінде» құқық қорғау органдарынан зардап шеккен Нурадин Рақайдың қойған сауалына.
Нұржігітовтың айтуынша, одан бөлек деңсаулық сақтау басқармасы, сол уақтттан бері жедел –жәрдемге емхана ауруханаларға тұрғындар тарапынан өтініш беріп жатқандарға талдау жүргізілген.
«Мысалы сол күні және алдыңғы күні жедел-жәрдемге шалған қоңырау бойынша талдау жасасақ, 100-ге жуық адам өтініш берген екен. Бүгінгі күні екі азамат ауруханада жатыр. Біреуі жатыр, екіншісі ем-домын алып, үйіне қайтарылған. Бір азамат «сол ҚазФосфатта болған жағдай бойынша тамағы ауырып жатқанын» айтты. Бірақ тексере келе, одан коронавирус анықталды. Сондықтан осының бәрін ескере отырып, сондай шешім қабылданды» деді әкім.
Нұржан Нұржігітов жарты сағат 2022 жылдың 6 айына арналған есебін оқып, екі жарым сағат БАҚ сұрақтарына жауап берді. Дегенменде көкейдегі сұраққа толымды жауап алынбады.
Авторы: Исламбек Дастан, Тараз
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық