Нығматулин Швейцария Парламенті Төрағасымен кездесті
фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эби бастаған делегация өкілдерін қабылдады.
Бұл туралы Orda.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Палата Спикері Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесі Төрағасының Қазақстанға тұңғыш рет жасап отырған ресми сапарына ерекше назар аударып, Қазақстан Тәуелсіздігінінің 30 жылдық және Швейцария Конфедерациясы құрылғанының 730 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген тарихи маңыздылығына баса назар аударды.
Одан әрі тараптар екі ел арасындағы, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Швейцария біздің еліміздің Еуропадағы маңызды саяси және сауда-экономикалық әріптесі саналады. Өзара қарым-қатынас орнаған 29 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Берн арасында барлық сала бойынша ықпалдастық табысты дамып келеді.
Осы ретте Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық-швейцариялық ынтымақтастықтың берік негізін қалап, қос ел арасындағы әріптестікті дамытуға зор көңіл бөлгенін алға тарта келіп, Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мемлекетпен екіжақты байланысты одан әрі тереңдетуге зор көңіл бөлетінін атап өтті.
Нұрлан Нығматулин Қазақстан саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айта келіп, осы жолда барлық салада, соның ішінде заңнамалық органдар арасындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Андреас Эби Қазақстан ауқымды жері бар әлемдегі ірі мемлекеттің бірі екеніне тоқталып, біздің еліміздің экономикалық дамуы қарқынды, модернизациялық жетістіктері жоғары, демократиялық ұстанымдары берік екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық