Нығматулин Лондонда екені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин өзінің отбасымен бірге Лондонға ұшып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы журналист Махамбет Әбжан өзінің Telegram-арнасында жариялады.
– Мен бұл жерде Bigben мен Темзаны көріп отырған жоқпын. Менің ойымша, сіз осының барлығы бос сөз екенін түсініп отырсыз. Өтірік. Сондықтан бұндай мәлімдемелерді тыңдаудың қажеті жоқ деп ойламын. Мен Отанымыздың астанасы – Нұр-Сұлтандамын, – деді экс-спикер.
Сонымен қатар, Нығматулин мәжіліс спикері лауазымынан отставкаға кеткеннен кейін қазір немен айналасып жүргені туралы айтып берді.
– Менің соңғы жылдарда мүлдем бос уақытым болмады. Қазір мен көптеген кітаптар оқып, достарыммен кездесудемін. Жақында мен 10 жыл көріспеген өзімнің кейбір сыныптастарыммен кездестім. Отбасы, балалар, немерелер. Бос уақытың барда – істейтін шаруа да болады, – деп түйіндеді Нұрлан Нығматулин.
Еске салсақ, Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің елдегі бар мүлкін сатып, шетелге – Лондон қаласына аттанғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық