Нығматулин Елбасы мен Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ
Бүгін Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері қызметінен кету туралы өтініш берді. Мәжілістің жаңа төрағасы болып Ерлан Қошанов тағайындалды.
Нығматулин Мәжіліс төрағасы қызметін атқарған жылдарын еске алып, арнайы Елбасыға және өзіне сенім білдірген Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
– Биыл Мәжіліс Спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Бұл жолда, ең алдымен, Елбасымыз, Nur Otan партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі Мемлекет басшысы, партиямыздың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, - деді.
Нұрлан Нығматулин үш шақырылым бірге жұмыс істеген барлық депутаттарға, Мәжілістің заң шығару жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, барлық қоғамдық ұйым өкілдеріне, Мәжіліске кірмеген саяси партияларға, Мәжіліс жұмысын насихаттаған журналистерге, сарапшыларға алғыс білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық