Нығматулин БЖЗҚ басшысына сөгіс берді
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановты халыққа шықпағаны және жеткіліктілік шегін көтеру туралы сұрақтарға жауап бермегені үшін сөкті.
Құрманов алдымен палата отырысында депутат Ғалымжан Елеуовтің бірлескен некелік зейнетақы аннуитеті туралы сұрақтарына жауап бере алмады. Мәжілісмен ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинақтары қалай бөлінетінін сұрады.
Бірақ БЖЗҚ басшысы бірден жауап бере алмады. Нығматулин бұған назар аударып, Құрмановқа ескерту жасады. Осыдан кейін ғана БЖЗҚ төрағасы ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғаннан кейін екіншісі кесте бойынша зейнетақы ала беретінін айтты.
Төменгі палата спикері Құрмановты дайындықсыз келді деп сөкті.
«Неге бір ай бойы халыққа шығып, олардың сұрақтарына жауап бере алмағаныңызды енді түсіндім. Бұл тікелей сұрақ болды және сіз оған жауап бере алмадыңыз. Жауабын қалай білмейсіз? Үш апта бойы ауыздарыңызға құм құйып, босағадағы адамдарға ештеңе түсіндіре алмадыңыздар. Сосын барып, заңмен ақталдыңыздар. Мында келердің алдында дайындалу керек!» деді Нығматулин.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жеткіліктілік шектерін арттыру 2022 жылдың сәуіріне дейін шегерілді. Үкіметтің мәліметінше, осы уақытқа дейін тағы 400-500 мың адам зейнетақы ақшасын пайдаланып үлгереді.
Айта кетсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сайтында келесі жылдан бастап жеткіліктілік шегінің көтерілетіні туралы ақпарат пайда болды. Бірақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БЖЗҚ БАҚ-қа жедел ақпарат беріп, алдағы өзгерістерді түсіндіре алмады. Бұл басқармалардың баспасөз қызметтері журналистерді бір-біріне сілтеп отырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық