Нұрсұлтан Назарбаев шөбере сүйді 

cover

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев немерелі болды. Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президентін танымал спортшылар құттықтап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Құлыбаевтың шаңырағындағы сүйінші жаңалықты дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінің Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тимур Асқарұлын немересімен құттықтап, кішкентайға бауы берік болсын айтқан.

- Құрметті Тимур Асқарұлы, немереңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын! Біз сияқты мықты спортшы болсын, - деді Әбиба Әбужақынова.

Динара Нұрсұлтанқызы мен Тимур Құлыбаев бір ұл, екі қызы бар. Желі қолданушылары бұл немере Құлыбаевтың тұңғышы Алтайдың баласы деп болжам жасап отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар