Нұрсұлтан Назарбаев құдасы Алмасадам Сатқалиевке қатты ренжіді – БАҚ
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан тағайындалған энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке қатты ренжіді.
Бұл туралы DALA INSIDE telegram-арнасы хабарлайды.
«Дербес зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке қатты ренжіді.
Сатқалиевтің қызы Анадэльдің Назарбаевтың бейресми ұлы Тауманмен неке қиғаны туралы хабар отандық ақпарат кеңістігінде кең тараған еді. Жеке басқа қатысты ақпараттың ресми органы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі арқылы жоққа шығарылғаны қызық болды.
Бірақ, шын мәнінде, дереккөз 2019 жылы Лондонда бірге оқитын Анадэль мен Тауманның көңіл жарастырып, оған Алмасадам Сатқалиевтің рұқсат бергенін айтады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев екі жасты шақырып алып, батасын беріп, сол кезде 15 жастағы Анадэльдің құлағына сырға салған» делінген хабарламада.
Арнаның мәліметінше, Қанды қаңтардан кейін екі құданың арасындағы қарым-қатынас өзгерді.
«Содан бері Алмасадам Сатқалиевтің тасы өрге жүріп, «Самұрық-Қазына» қорының тізгінін ұстаған болатын. Тәкаппарлық та пайда болды.
Бірақ «Қаңтар оқиғасынан» кейін бәрі күрт өзгерді. Кезінде Назарбаев Сатқалиевті биік лауазымдарға тағайындаса, енді соңғысы өзінің құда екенін мойындамады» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық