Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады
2023 жылғы 17 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жариялады.
Ол өз мәлімдемесінде жерлестері мен достарына үндеу жолдады.
«Бауырымның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты айтқан жылы лебіздеріңіз бен шынайы тілектеріңіз үшін ризашылығымды сөзбен жеткізу қиын.Осындай сәтте сіздердің қолдауларыңыз маған күш-қуат болды. Жақын адамынан айырылу әрқашан ауыр азап «Менің бауырым мен үшін тек отбасы мүшесі ғана емес, сонымен бірге адал дос та болды.Ол ұзақ уақыт бойы ауыр науқас болған, бірақ бізге ешқашан қайғысын көрсетпеді. Бірақ онсыз да бәріміз жақсы білдік...» деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев
Оның айтуынша, соңғы күндері көптеген жеделхаттар келіп жатыр.
«Бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, парламенттік және дипломатиялық корпустың өкілдері, еліміздің дін және бизнес қауымдастығы, сондай-ақ менің әріптестерім мен Қазақстан азаматтары көңілдерін білдіріп, күш-қуат тіледі. Сіздердің жылы сөздеріңіз мен үшін және менің отбасым үшін нағыз жұбаныш. Және әрқайсыңызға қамқорлық пен түсіністік үшін, әрбір мейірімділік ишараттарыңыз үшін, осы қиын жағдайда бізбен бірге болуға дайын болғандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Барлықтарыңызға жылы лебіздеріңіз бен шынайылықтарыңыз үшін көп рахмет» деп жазды ол.
2023 жылы 13 қарашада таңертең Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ұзаққа созылған аурудан кейін 71 жасында қайтыс болды. Ол 1997 жылдан бері BN Invest холдингін басқарды. 2016 жылы «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. Сол жылы «Парасат» орденімен марапатталды.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды