Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай марапатқа ие болды
Амстердамдағы Passenger Terminal Expo көрмесінде World Airport Awards марапаттары табысталды.
Елорданың әуе айлағы екінші жыл қатарынан Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік өңірлік әуежай деп танылды. Дүниежүзілік әуежай марапаттары Амстердамда өткен Passenger Terminal Expo-2023 халықаралық көрмесінде табыс етілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.
World Airport Awards – әлемдік әуежай индустриясындағы ең беделді марапат. Ол сапа эталоны болып саналады және дүние жүзіндегі 550-ден астам әуежайда тұтынушыларға қызмет көрсету және ыңғайлылық деңгейін бағалайды.

«Астана әуежайы Орталық Азиядағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында екінші орында және посткеңестік кеңістіктегі ең танымал әуежайлар арасында 12-ші орында. NQZ – бірқатар шетелдік авиакомпаниялар мен отандық ірі әуе тасымалдаушылар үшін базалық әуежай» деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Хамзин.
Ол кәсіпорынның дамуы IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп жатқанын қосты.
World Airport Survey марапаттары авиациялық нысандарды тәуелсіз жаһандық шолудың 8 айлық кезеңінде әуежай тұтынушылары толтырған сауалнамаларға негізделгені атап өтілді.
Сауалнама мен марапаттар әуежайдың кез келген бақылауына немесе ықпалына тәуелсіз. Зерттеу барысында әуежайдағы тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы мен негізгі көрсеткіштердің тиімділігі бағаланады – тіркеуден, келуден және трансферден саудаға дейін, қауіпсіздік және отырғызу қақпасындағы төлқұжаттық бақылау.
Бұған дейін астаналық әуе айлағы бұл марапатқа 2022 жылдың маусым айында ие болған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық