Нұрлан Смағұловтың қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 264 пәтер сатып әперді
Фото: Ашық дереккөзден
Нұрлан Смағұлов өз қоры арқылы биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен аудандардың тұрғындарына көмек көрсету үшін 5,6 млрд теңге бөлді. Қаражат Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына пәтер сатып алуға жұмсалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Қор 264 пәтерді, оның ішінде 75 бір бөлмелі, 143 екі бөлмелі және 46 үш бөлмелі пәтер сатып алды.
Astana Group құрамына кіретін компаниялар мен Нұрлан Смағұловтың қоры су тасқыны салдарын жоюға бірлесіп 6,1 млрд теңге бөлді.
«Бұл жай ғана көмек емес, бүкіл компаниялар тобының жеке жауапкершілігі. MEGA сауда орталықтары желісінің, Astana Motors және Mycar компанияларының қызметкерлері де шет қалмай, өз бастамаларымен Ақмола облысы Атбасар ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілген 10,4 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Әріптестеріме және серіктестерімізге бұл жолы бастама көтеріп, компанияның көмегіне қосылғандары үшін алғыс айтамын», – дейді Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 сәуірінде «Астана Моторс» алғашқылардың бірі болып көмек көрсететінін мәлімдеп, 500 миллион теңге аударған болатын.
Astana Motors құрамына кіретін Chery бренді қытайлық Chery International компаниясымен бірге Солтүстік Қазақстан облысына 50 миллион теңгеге тең гуманитарлық көмек көрсетті.
Нұрлан Смағұлов қорының директоры Айдын Сұлтанов құрылысшылардың болжамы бойынша қазақстандықтар жаңа пәтерлерге шілде айының соңына дейін қоныстана алатынын айтты.
«Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, ол аяқтала салысымен 264 отбасы қоныс тойын тойлайды», – деді Нұрлан Смағұлов қорының бастығы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық