Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады
Фото:instagram Нұрлан Сабуров
Стендап-комик Нұрлан Сабуров елге оралғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар ол Instagram әлеуметтік желісіндегі барлық жазбаларын толықтай өшірген. Өз үндеуінде Сабуров жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартатынын айтты.
«Қалыптасқан жағдайды түсіндірмеймін. Бұл сұрақпен заңгерлер айналысады, олар барлық құзырлы органмен жұмыс істеп жатыр», – деді ол.
Комик өзінің шығармашылық жолы шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбург қаласында басталғанын, кейін Мәскеуде жалғасқанын атап өтті.
«Шығармашылық дамуға мүмкіндік берген, әртіс ретінде қалыптасуыма жол ашқан елге алғысым шексіз. Ресейде де, одан тыс жерлерде де көпұлтты үлкен аудитория жинадым. Баршаңызға рақмет», – деп жазды Сабуров.
Сондай-ақ ол журналистерге, блогерлерге және БАҚ өкілдеріне жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.
«Отбасымның, әйелім мен балаларымның, ата-анам мен жақындарымның жеке өміріне құрмет танытуларыңызды өтінемін», – деді ол.
Еске сала кетейік, 7 ақпанда Orda.kz тілшілері Нұрлан Сабуровты әуежайдан қарсы алды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады
- Криштиану Роналду «Әл-Насрдағы» жағдайға көңілі толмай, Лиссабонның «Спортинг» клубына кете ме?
- АҚШ Украинадағы соғысты жазға дейін аяқтауды келіспек — Зеленский
- Нипах вирусы Үндістан аумағынан асты: Бангладеште алғашқы жағдай тіркелді
- Миландағы Олимпиадаға қарсы наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласты
- 2026 жылы қандай спорт нысандары салынады: «Медеу» жөнделіп жатыр
- Қазақстандағы Starlink жүйесі қаншалықты дайын?
- Алматыда Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады
- Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді
- Жапонияда мерзімінен бұрын сайлау: Алғашқы әйел премьер Санаэ Такаитидің бәсі өте ме?
- Испаниядағы бокс турнирінде Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды
- Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
- Алексей Щербаков Нұрлан Сабуровты қолдауға келді ме?
- Олимпиада-2026: 8 ақпандағы жарыс кестесі
- Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
- СҚО-дағы тас жолда жүргізуші мен жолаушы тірідей жанып кетті
- «Бурабай» балалар спорт мектебінде жүргізілген аудит 6,3 млн теңгенің заңбұзушылығын анықтады
- Алматыда қазақ қыздарын қорлаған екі шетелдік қамалды
- Нора Джеруто Қытайда өткен Азия чемпионатында Қазақстанға «алтын» әкелді
- Қазақстандық күштік құрылымдар UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы күнін жеңіспен аяқтады