Нұрлан Байбазаров ауылды қалаға айналдыру жөнінде мәлімдеме жасады
Фото: Ашық дереккөзден
Министр 3 жыл бойы халық саны 10 мыңнан асатын ауылдарды қалаға айналдыруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Соңғы жылдары тұрғын саны 50 адамға жетпейтін ауылдар таратылды. Адамдар енді ірі елді мекендерге көшіп жатыр. Яғни, бұл ретте халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарау қажет болады. Осындай ауылдардың саны қанша және бұл бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр?», - деп сұрады Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровтан.
Нұрлан Байбазаровтың сөзіне сүйенсек, қазір елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар.
«Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан аса адам тұрады. Олардың мәртебесін өзгерту үшін заңнамада тетіктер бар. Мысалы, 3 жыл бойы халық саны 10 мыңнан асып отырса, онда облыс мәслихатының деңгейінде аталған ауылдардың мәртебесін өзгерту, яғни қалаға айналдыру құқығы бар. Бұл заң 2021 жылдан бастап қолданысқа енген болатын. Қазіргі таңда облыс әкімдіктері мәслихат өтініміндерін қарастырып жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылданбаған, жұмыс жүргізілуде», - деді ол.
Осы орайда Үкімет басшысы бұл міндет емес, тұрғындардың құқығы екендігін нақтылап сұрады.
«Иә, 3 жыл бойы халықтың саны 10 мыңға көбейсе, онда қалаға айналдыру мүмкіндігі бар. Тиісті облыс әкімдіктері шешім қабылдайды», - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық