Нұрқожа Қайпанов тарихымыздағы екінші әлем чемпионы атанды
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов өзінің 70 келі салмақ дәрежесінде Албанияда өткен еркін күрестен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайпанов 2019, 2021 жылы Азия чемпионы болды. Қазақстан тарихындағы еркін күрестен әлем чемпионы болып отырған Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы әлем чемпионатының финалына шығып, екінші орын алған еді. Сол жолы спортшы мақсаты әлем чемпионы болу екенін айтқан еді. Міне сол мақсатына осы жолғы жарыста жетті.
Ал тарихымыздағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан болды.
Осы жолы спортшы 70 келі салмақ дәрежесі бойынша ақтық сында жапондық Ешиносуке Аоягимен кездесті. Нұрқожа Қайпанов шешуші
белдесуде шеберлікпен жеңіске жетіп, алғаш рет дүбірлі доданың «алтын» медалін иеленді.
Ұлттық олимпиада коммитеті оның бас бапкері Мадияр Құрамысовтың пікірін жариялады.
«Чемпионаттағы міндетімізді орындадық, дегенмен, одан да жоғары нәтиже көрсетуге болар еді, — дейді бас бапкер. — Нұрқожа тамаша күресіп, дайындық сапасын көрсетіп шықты. Ол үшін табиғи салмақ — 70 келі, бірақ Олимпиадаға қатысу үшін 74 келіге ауыстыруға мәжбүр болды. Бұл қателік болды деп есептеймін. Өзіне ыңғайлы салмақта қалғанда, әлем чемпионы атағын ертерек иеленетін еді», — деді Мадияр Құрамысов.
Еске сала кетсек, балуан қызымыз Жәмилә Бақбергенова Албанияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық