Нұрғанатқа пышақты Абзал салды, басқа кім? – Равиль Сакиев
Фото: Orda.kz
Шерзат Полат ісі бойынша сот процесінде айыпталушылардың бірі Равиль Сакиев оқиға түніндегі жайттарды баяндады. Ол «Эйфория» кафесінен бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сакиевтің сөзінше, сол түні ол досы Нұркияс Ілиясовпен бірге кафеде отырған. Сол жерде Азамат Тоқтаубаевқа видеоқоңырау шалып, оларды да шақырған. Кафеден шыққан соң дүкен алдына барған сәтте көпшілік жиналғанын көреді.
«Дархан жараланған еді, көп адам жиналып қалған. Біз сөйлесіп тұрған кезде төбелес басталып кетті. Нұрғанат сол жаққа кетті, мен де соңынан ердім. Біз барған кезде Шыңғыстың есікті тепкенін көрдім. Сол кезде Эльмира мені ұстап алып, басқа жаққа тартып әкетті», – деді Сакиев.
Сотта айтылғандай, Сакиев Нұрғанат Ғайыпбаевпен 2017 жылдан бері таныс болған. Тек амандасып жүретін таныстар болғанымен, сол түні Ғайыпбаев онымен сөйлескісі келіп, қолынан тартып әкеткен. Сөйтіп тұрған кезде жағдай ушыққан.
Сакиев атыс кезінде болған оқиғаларды да баяндады:
«Біреу мылтық атты. Оқ жерге тиді. Мен біреуге тиген шығар деп ойлап, сол жаққа бардым. Жүгіріп барсам, Нұрғанат мылтықты қайта оқтап жатқан екен. Ол тағы бір рет атты. Мен бөтелке лақтырдым, бірақ тимеді», – деді ол.
Оның айтуынша, ешкімнің қолында мылтық болмаған. Алайда кейін Нұрғанаттың қолында мылтық болып, қайта атқан. Сакиев мылтықты тартып алмақ болып жүгіріп, құлап түскен. Сол сәтте жанында Нұркияс болған.
«Тұрғанымда 15–20 метр жерде біреу жатқанын көрдім. Біреу "жедел жәрдем шақырыңдар!" деп айқайлап жатты. Нұрқияс мылтықпен ұрып жатты. Мен жақындап барып, Нұрғанатты тептім. Сол кезде Шерзаттың анасы айқайлап шықты. Мен оның үйден шыққанын түсіндім де, кетіп қалдым», – деді Сакиев.
Сакиевтің айтуынша, кейін "Мерседес" көлігіне отырып кеткен. Азамат пен Абзал көлікте болған, мылтық солардың жанында болған. Жолда Абзал біреуді пышақтап қойғанын айтқан. Артынша Сакиевтің анасы оған қоңырау шалып, өзін іздеп жатқанын естіп, полиция бөлімшесіне бармақ болған. Бірақ жолда полиция оларды тоқтатып, бір баланың қайтыс болғанын хабарлап, алып кеткен.
Сотта адвокат Мейірман Шекеев: «Ғайыпбаевқа пышақты кім салды деп ойлайсыз?» – деп сұрағанда, Сакиев: «Абзал, басқа кім?» – деп жауап берді.
Еске салайық, прокурор Равиль Сакиевке Нұрғанат Ғайыпбаевты пышақтады деген айып тағып отыр. Алайда Сакиев бұл айыпты жоққа шығарып, ешкімді пышақтамағанын, тек Нұрғанатқа соққы жасағанын айтты.
Соңғы екі күнде 9 айыпталушының бесеуі жауап берді:
- Нұрбол Тоқтаубаев
- Азамат Тоқтаубаев
- Ысқақ Думан (кәмелетке толмаған)
- Нұркияс Ілиясов
- Шыңғыс Белғожаев
- Равиль Сакиев
Ал Дидар Қалиахмет жауап беруге дайын емес екенін мәлімдеді. Келесі отырыстарда Абзал Шынасыл мен Дидар Қалиахметтің жауабы тыңдалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық