Әнші Бағлан Әбдірайымов балаларға арналған тегін үйірмелердің жабылуына қатысты пікір білдірді
Коллаж Orda.kz
Қазақстанда жақында ашылған балаларға арналған тегін үйірмелерге қол жеткізуге көмектесетін бағдарлама жабылу алдында тұр.
Осыдан бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтанда бір топ ата-аналар Арт Спорт орталығының жабылуына қатысты наразылық білдірген. Ал күні кеше қызылордалық ата-аналар осы мәселе бойынша бас көтерді. Ата-аналар былтырдан бері мемлекет қаржыландырып келген үйірмелердің ғұмыры қысқа болғанына наразылық танытты.
Әнші Бағлан Әбдірайымов те балаларға арналған тегін үйірмелердің жабылуына қатысты Информбюро жаңалықтар қызметіне пікір білдірді.
Оның айтуынша, көпбалалы отбасылар үшін үлкен көмек.
«Мен өзім сол жерде жүргеннен кейін білемін. Кемі бір отбасында 4 бала бар. Одан көп, біз жақта 7-8 баласы бар отбасылар да бар. Сол кісілерге бұл керемет мүмкіндік болды. Жарты жылдай оқыды да, енді қаражат беруді тоқтатқаннан кейін ата-аналар қиналып қалды.
Ата-аналардан бұрын, тарыдай болып кіріп, спорттан да, өнерден де көз алдымызда өскен балалардың болашағына балта шабу деп айтсақ болады» дейді әнші.
Бағлан Әбдірайымов «балалардың дамуына бөлінген ақша олардың болашағына қаланған кірпішпен бірдей» екенін алға тартты.
«Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтатыны бар еді ғой. Балалардың бәрін тегін оқытып келіп, енді тоқтататын болса, балаларға аяп қалған қаражат ертең отансүйгіштіктен, патриоттық сезімнен ада қылады.
Неге десеңіз, қазір оқып жүрген балалар дастархан басында да ата-аналарына айтып жүр деп ойлаймын. «Міне, бізді үкімет оқытып жатыр» деп ата-ана да, бала да мәз. Олардың қазірден бастап Отанға деген махаббаттары оянып келе жатыр. Ал енді шорт кесіп, оқудың бәрін тоқтататын болса, олар да кәдімгідей «бізді мемлекет алдап жатыр, біз де алдасақ болады екен» деп кішкентай балалардың психологиясын да солай бұзып жіберуіміз мүмкін» дейді Әбдірайымов.
Жаңалықтар
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды