Ногаев: жарылғыш газ баллондардан толығымен бас тарта алмаймыз

cover Сурет primeminister.kz сайтынан алынды

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баспасөз мәслихатында қазақстандықтар газ баллондарын пайдаланудан толықтай бас тарта алмайтынын айтты. Себебі, ауылдарда, сондай-ақ кейбір кәсіпорындарда баллондар үнемі қолданылып келеді.

«Мүмкін, жарылғыш газ баллондарынан толық бас тарту мүмкін емес шығар. Шалғайдағы ауылдар, кейбір кәсіпорындар әлі күнге дейін осы газды пайдаланады. Мен марқұмның отбасына көңіл айтамын», - деді Нұрлан Ноғаев.

Министр жарылыстың себептерін тергеу органдары анықтайтынын айтты. Сонымен қатар ол газ оттықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды қажеттігін еске салды.

Қазақстанда газбен жабдықталғандар қазір 51,5% құрайды, яғни 9,4 миллион адам көгілдір отынды пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 53%-ға көтеру жоспарлануда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар