Нью-Йорк соты Әбіләзов пен Храпуновқа айыппұл салды
2021 жылғы 18 қазанда Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік соты Мұхтар Әбіләзов пен оның күйеу баласы, Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың баласы Ильяс Храпунов берген апеляциялық шағымдарды қабылдамады.
Бұл туралы Orda.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«БТА Банкі» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен талап-арызы бойынша басталған сот қарауы кезінде заңсыз әрекеттері үшін оларға санкциялар салынды.
Сот шешімінде Әбіләзов пен Храпуновқа санкциялар салынған, бұл жөнінде АҚШ бітістіруші сотының бұрынғы бірнеше қаулылары (2019 жылғы 3 шілде, 2019 жылғы 15 шілде, 2020 жылғы 7 ақпан, 2020 жылғы 19 мамыр және 2020 жылғы 3 қыркүйек) расталды.
Бұл шешім соттың алдыңғы шешімдерімен қатар, АҚШ-та ондаған миллион долларды жылыстатқан Әбіләзовтың, Храпуновтың және Triadou SPV SA жасанды компаниясының қойылған талаптарға «маңызы зор» дәлелдемелерді табуына кедергі келтіргенін анықтады.
Аталған шешімде айтылған нақты заңсыздықтардың ішінде сот мыналарды атап өтті:
- Әбіләзов «соттың дәлелдемелер ұсынуды талап еткен қаулысын орындамады»;
- «Әбіләзов жоғарыда аталған дәлелдердің өзінде жоқ екендігін мәлімдеді, бірақ бұл мәлімдеме оның ант беру арқылы берген айғақтарына қайшы келді»;
- Храпуновтар «ешқандай себепсіз бір де бір қаржылық есеп бермеді»;
Сот «ақпаратты ашу тәртібінің негізгі бұзушысы» деп атаған Ілияс Храпунов Бірлескен талапкерлердің талап-арызын беруден аз ғана бұрын барлық хаттарын өшіріп тастап, оның орнына «жүздеген» шифрланған электрондық пошта адрестерін қолдана бастағанын айтады. Содан кейін олардың ешқайсысына қол жеткізе алмайтындығы туралы «ойға қонбайтын» мәлімдемелер жасаған;
Ильяс Храпунов өзі үшінші тұлғаларға жіберген электрондық хаттарын мойындаудан бас тартып, «ондаған немесе жүздеген миллион долларларға қатысты қаржылық операциялар туралы ештеңе білмеймін», деп мәлімдеді;
Әбіләзов өзінің меншікті капиталы 20 миллиард АҚШ долларынан асатынын айтып, бірақ оған осы ақшаны табуға және басқаруға жәрдемдескен адамдарды атай алмайтынын мәлімдеді;
Заңсыз әрекет туралы осы және осыған ұқсас тұжырымдар негізінде сот Бірлескен талапкерлердің пайдасына Әбілізовтың 140 115 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл төлеу қажеттігі туралы шешім шығарды.
Сот Ильяс Храпуновқа қатысты санкция мөлшерін Бірлескен талапкерлерден қосымша дәлелдер алғаннан кейін анықтайды.
Сот сонымен бірге «оның шешіміне кез-келген апелляция берілген жағдайда, бұл әрекет «шешімді өз еркімен орындаудан бас тарту» ретінде қабылданады» деп қаулы етті.
Нью-Йорк ісі Бірлескен талапкерлер атынан бес жыл бұрын Әбіләзовтың және оның сыбайластарының ұрланған ақшаны АҚШ-қа жылыстатқаны үшін айыптауымен басталған.
Бүкіл әлем бойынша Соттар анықтағандай, Әбіләзов жалған несиелер беру арқылы БТА банкінен миллиардтаған доллар ұрлаған – бұл үшін ол Қазақстанда сотталып, Ұлыбритания сотында азаматтық жауапкершілікке тартылды.
АҚШ-тағы сот талқылауы барысында талапкерлер Әбіләзовтың қылмыстарына қосымша дәлелдер келтіріп, көптеген куәгерлер айғақтарымен қамтамасыз етті.
АҚШ-тың Нью-Йорктегі алқабилеріне қатысты сот ісі 2022 жылдың ақпан айында басталады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық