Никель мен кобальт кен орны мемлекетке қайтарылды
Экс-вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты істі тергеу аясында Қостанай облысындағы бірегей Шевченко никель-кобальт кен орны мемлекетке қайтарылды.
Бұл туралы Антикор баспасөз қызметі хабарлады.
Кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар құны 5,6 триллион теңгеден асады.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқтабаев 2022 жылдың қарашасында ұсталған болатын. 27 қазанда ол өзiмен үлестес тұлғаларға пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар кен орнын беру кезiнде ауыр зардаптарға әкеп соққан қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшiн сотталды.
Тоқтабаев жеті жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Тоқтабаев «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық