Никаб киюге заң бойынша тыйым салынбақ
Фото: Global look press
Қазақстанда никаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Заң жобасы жайлы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтып берді.
«Жеке заң жоқ. Бұл мәселе ІІМ-нің заң жобасында қарастырылып жатыр. Онда қауіпсіздік мақсатында никаб киюге тыйым салу көзделген. Қазір ол мәжілісте талқыланып жатыр. Білуімше, бірінші оқылым жақын арада өтеді», – деді Аида Балаева Ақорда дәлізінде.
Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім кию мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.
Наурыз айында Атырауда Қазақстанның туына арабша жазу жазып суретке түскен никабтағы қыздар полицияға жеткізілген еді.
Ал Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салатын заңға қол қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық