Несіпбек Айтұлы Тасмағамбетовтың жасаған жақсылығы туралы айтты
Коллаж Orda.kz
Ақын Несіпбек Айтұлы Иманғали Тасмағамбетовтың арқасында елордаға көшіп, үйлі болғанын айтты.
Оның айтуынша, Тасмағамбетов кезінде зиялы қауым өкілдеріне барынша көмектескен. Бұл туралы Айтұлы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында тілге тиек етті.
«Соның бірі - мен. Иманғалидің үйсіз-күйсіздерге, талантты адамдарға жасаған жақсылығы ұшан-теңіз. Оны біз ұмытпаймыз. Әсіресе зиялы қауым Иманғалиді жақсы көреді.
Алматыда жүрген кезінен, бала кезінен білетінмін» деді Несіпбек Айтұлы.
Несіпбек Айтұлы Тасмағамбетовпен 2001 жылы Жазушылар одағында кездескенін еске алды. Бірнеше секундтық диалог кезінде Тасмағамбетов оны елордаға шақыртқан.
«Ол кезде «Жұлдыз» журналында істейтінмін. Жағдайымыз қиын болды. Жүрсін (Ерман) екеуміз таксовать ететінбіз. Журналдан алатынымыз 6-ақ мың теңге.
Жиналыстан шығып келе жатыр едім, 3-4 қыз-келіншек Иманғалиді жібермей, ұстап тұр екен. Топтан шығып кеткісі келді ме: «Аға, тұра тұрыңыз» деді. Сәлемдестік. Хәлімді сұрап:
- Астанаға келмейсіз бе? - деді.
- Астанаға мені кім шақырыпты?
- Мен шақырып тұрмын.
- Шақырсаң, барайын.
- Жапонияға ұшып бара жатырмын. Сәуірдің 17-сі күні Астанада боламын, таңертең кабинетіме келіңіз, - деді. Бұл шамамен сәуірдің 9-10 болуы керек. Болды. Бар әңгіме осы» деді ақын.
Ол белгіленген күні елордаға келіп, бірден Тасмағамбетовтың қабылдауына кірген.
- Неден бастаймыз? - деді.
- Шақырған өзің. Қызмет тауып бер, - дедім.
Телефонды алды да: «Мырзатайға (Жолдасбеков) звондайын. Зиялы қауым соның айналасына жиналып жатыр» деді.
Имеке, мен ол кісінің шәкіртімін. Сізге хабарластырып отырғаным ұят болар. Өзім-ақ барамын деп кеттім» дейді Айтұлы.
Осылайша ақын Мырзатай Жолдасбеков пен Сұлтанғали Садырбаевтың көмегімен газетке қызметке тұрған. Көп ұзамай жатақханадан орын берілген. Сөйтіп екі жыл өте шыққан. Осы уақыт ішінде Тасмағамбетов Алматыға әкім болып келген.
Астананың бұрынғы әкімі Шөкеев үй беруге уәде бергенімен, сөзінде тұрмаса керек. Несіпбек Айтұлы Тасмағамбетовке қайта хабарласқан.
«Осы Абай 1 көшесінде төрт бөлмелі үйді алып берді. Ақшасын төледі, мен өзім сатып алғандай қол қойып алдым. Осыдан басқа үй алған емеспін. Имекең қалтасынан төлеп, алып берді. Ол жақсылығын ұмытпаймын» дейді ақын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық