Үнемшіл депутаттың кесірін тұрғындар көріп жатыр
Фото: Исламбек Дастан
Тараз қаласы «Астана» мөлтек ауданындағы №8 үйі тұрғындары Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов пен Тараз қаласы әкімі Ержан Жылқыбаевқа арызданса да ешқандай нәтиже жоқ деп қынжылады. Тұрғындардың атынан Үрзада Тәжібаева шықты.
Оның айтуынша, жазылған арыздар қайта айналып мердігер компания «АрайСтройМаркет 2003» «жоба сәйкес» жасалуда деп келіп жатыр.
Тараз қаласы «Астана» мөлтек ауданындағы №8 үй 2005 жылдың 25 сәуірінде берілген. Тұрғын үйде 65 пәтер бар.
Бүгінгі таңда 17 жыл ішінде 300-ден аса тұрғыны бар осы пәтерлердің 75-80%-ы жекешелендірілген. Биыл 5сәуірде №8 үйге көршілес орналасқан 9 қабатты тұрғын үй мен коммерциялық үй-жайлар соғылды.
«Мердігер компания «АрайСтройМаркет 2002» басшысы, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Арман Еділбаев , біздің үйдің артына жарық жүйесінің электр 2022 жылы қосалқы станциясын орнатты. Оның үстіне, 26 мамыр күні рұқсатсыз №8 үйдің подъезд алдын қопарып канализация қақпағын ашып, 9 қабатты тұрғын үйдің канализация жүйесін жалғамақшы болды. Дегенмен, осы біздің үйдің артындағы құдыққа суық су жүйесін қосты, содан бері суық судың давлениясы төмендеп кешкісін 4-5 ші қабаттардағы пәтерлерге су көтерілмейді. Коммуналдық тұрғын үй екен деп халықтың кондоминимум бойынша меншігінде не ақысы бар?! №8 үйдің артында балабақшамен ортаға 3 электр қосалқы станциясын қою қай заңда көрсетілген?! Бүгінгі күні халық су тапшылығын көріп отыр, ертеңгі халық 9-қабаттық тұрғын үйге пәтер иелері мен 1-ші қабатындағы коммерциялық үй-жайларға қоныстанғанда не болады? Сол сияқты электр жарық жүйесі пәтер иелері мен коммерциялық үй-жайлар 380квт, 220квт қосқанда не болады? Бұл бассыздық қашан тоқтайды?» деп Үрзада тұрғындардың жанайқайын жеткізді.
Тұрғындар мердігер, кәсіпкер, Жамбыл облысы мәслихат депутаты Арман Еділбаев халықпен келіспей, баса көктеп билік жүргізетін бизнесі үшін халық жапа шегуі керек пе деген сауалдарына жауап ала алмауда.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық