#NeMolchiKZ ісі: Дина Таңсәрі неліктен Еуропадан саяси баспана сұрайды?
скриншот
#NeMolchiKZ қорының жетекшісі, Дина Таңсәрі деген атпен танымал Динара Смаилова қазір күйеуі екеуі саяси баспана сұрап, Еуропа мемлекеттерінің бірінде жүр. Ол өз елінде қор қызметі үшін ғана қудаланып жатқанына сенімді.
Қазір Смаиловаға қатысты қылмыстық іс қозғалды - ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Смаилова, оның әріптестері мен заңгерлері қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған үлкен онлайн-конференция барысында істің мән-жайын, Қор жұмысы мен неліктен #НеМолчиKZ халықаралық соттарға шағымданбақшы екендігі туралы айтты.
Айқай-шу неден басталды?
2021 жылдан бері Смаиловаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты ол Грузияға көшуге мәжбүр болды. Жақында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері оның үстінен алаяқтық жасады деген күдікпен тағы бір іс қозғағанымен, бұл мәселеге қатысты бірде-бір арыз түспеген.
Әңгіме Өскеменде бірнеше жасөспірім қыз құрдасын аяусыз соққыға жыққан оқиға туралы болып отыр. Жазда қылмыскерлер үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот барысында Қор жәбірленуші мен оның анасына қолдау көрсетті. Атап айтқанда, адвокат қызметіне ақы төлеу үшін қаржы жиналды. Таңсәри барлық түбіртектерді беріп, ақшаның қыздың анасына емес, тікелей қорғаушыға аударылғанын көрсетті. Алайда Шығыс Қазақстан облысының полицейлері басқаша ойлайды және Таңсәрі алаяқтық жасады деп күдіктенеді, дегенмен жәбірленушінің анасы Қорға ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.
Қазіргі уақытта #НеМолчиKZ қорының есепшоттары бұғатталды, бұрын-соңды қайырымдылық жасаған адамдар полицияға жауап алуға жаппай шақырылуда. Смайлованың өзі отбасымен екі жылдан астам тұрған және зорлық-зомбылық құрбандарына арналған халықаралық байланыс орталығын ашқан Грузияға кіруде қиындықтарға тап болған.
#НеМолчиKZ қоры немен айналысады?
Қазақстандық «#NeMolchi.kz» қоғамдық қоры жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға және қолдауға арналған. Қор есебінде атап көрсетілгендей, соңғы жеті жылда адамдар берген қаражаттың көмегімен:
• 239 зорлық көрсетуші сотталған, оның ішінде 79-ы педофил;
• құқық қорғау органдарының 200-ден астам қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, он адам бас бостандығынан айырылды;
• балалар мен жасөспірімдерді қорғау бойынша 300 қылмыстық іс қозғалды;
• 35 мыңнан астам зорлық-зомбылық құрбандарына тегін көмек көрсетілді.
«Біз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға мәжбүрміз, өйткені мемлекет жәбірленуші тарапқа кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдерден басқа адвокаттарды бермейді. Айыпталушы мен күдіктінің жағында әрқашан қорғаушы болады және оның жеке шағын тергеу жүргізуге құқығы бар», - дейді «#NeMolchi.kz» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмат Мұхамеджанов.
«#NeMolchi.kz» қоры еліміздің әйелдерін сексуалдық және басқа да зорлық-зомбылыққа үнсіз қалмауға шақырған алғашқы ұйымдардың бірі. Қор зорлық-зомбылықтан, педофилиядан, туысқандық жыныстық қатынастан, ерте некеге тұрудан зардап шеккен әйелдерге, сондай-ақ отбасы мүшелеріне психологиялық, медициналық, құқықтық және ақпараттық көмек көрсетеді.
Бейнеконференцияның егжей-тегжейі туралы орыс тіліндегі нұсқасын мына жерден оқи аласыздар:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық