Немересін эфиопиялыққа ұзатқан Жүрсін Ерман: менімен ақылдасқан ешкім жоқ
Коллаж: Orda.kz
Ақын Жүрсін Ерман ДДСҰ басшысының келіні атанып отырған жиен немересі жайлы және құдасынан пандемия қашан аяқталатынын сұрамағаны туралы айтып берді.
КТК арнасына хабарлағандай, ақын Жүрсін Ерман жиен немересіне батасын беріп, осыдан үш жыл бұрын Тедрос Гебрейесустың үлкен ұлына қазақ салтымен ұзатқанын айтады. Дегенмен ақын халықаралық ұйымның басшысымен кездеспеген.
– Менімен ақылдасқан ешкім жоқ. Ылғи сыртта болған бала ғой. Менталитеті басқаша болды. «Теңін тапса тегін бер» дейді ғой. Біз батамызды беріп шығарып салдық. Мені жазғырып несі бар? Өз ата-анасы бар. Әкесі – Дәулет Тұрлыханов. Шешесі – менің қызым Ардақ Ерманова. Батамды беріп, қарап отырдым қызығын. Жаңа ғана видеоқоңыраумен сөйлестім, – деді ақын.
Қоғамда қызу талқыланған бейнеден кейін ақынға қоңырау шалып пандемия қашан аяқталатынын құдасынан білуін сұрағандар да табылыпты.
– Біреулер менен сұрайды: «Құдаңыздан сұраңызшы, пандемия қашан кетеді екен» деп. Ол Құдай емес қой. Қайдан біледі? Халықаралық ұйым болғанымен, ол да пенде. Адам ғой. Құдаммен телефон арқылы сөйлесемін. Бала-шағаның жайын біліп. Немерем аударып отырады, – дейді Жүрсін Ерман.
Сөз соңында Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен мыңжылдық құда болғанына еш өкінбейтінін жеткізді. Өзге ұлт өкілдерінің төл мәдениетімізбен танысып, тілін сындырып, қазақша сөйлеуі керісінше қуантады дейді ақын. Ал немерелері әлемнің қай түкпірінде тұрса да, салт-дәстүрімізді ұмытпай, үнемі насихаттап жүргенін атап өтті.
Айта кетейік, 2 желтоқсанда ақын 70 жасқа толған еді. Қарағандыда өткен сол тойға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы келе алмағандықтан, құттықтауын видео арқылы жолдаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық